PYTHON | LVL 6 | ЦИКЛ | FOR

Біз өткен жазбаларда LIST ты қарастырғанбыз. Тізімдермен ыңғайлы қолдану үшін және бір шарт орындалғанға дейін орындалатын кодты қайталау үшін ЦИКЛДАР жасалынған.

Мысалы:

for i in range(9):
    print(i)

#0
#1
#2
#3
#4
#5
#6
#7
#8

range(бастапқы сан, соңғы сан) функиясы итерацияланатын кортеж (іздену) қайтарады.

print(list(range(1, 10)))#[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]
#list() - берілген object тты тізімге айналдырады

Тағы for циклі арқылы Тізімдерді, жолдарды, сөздіктi(dict) ты итерациялауға болады.

Осындай программа жазып көрелік:

Бір сөз беріледі (латын әріптерімен). Программа сол сөздің ішінде қанша a әріпі бар екенін анықтауы керек.

word = input(" : ")
kezdeskenSany = 0
for arip in word:
    if arip == "a":
        kezdeskenSany += 1# немесе kezdeskenSany = kezdeskenSany + 1

print(kezdeskenSany)

Тура осы программаны басқаша жазуғада болады.

word = input(" : ")
kezdeskenSany = 0
for index in range(len(word)):#len() арқылы біз сөздің ұзындығын алдық та оны range ға аргумент ретінде бердік
    if word[index] == "a":
        kezdeskenSany += 1# немесе kezdeskenSany = kezdeskenSany + 1

print(kezdeskenSany)

Мен тізіммен қолданғанда екінші тәсілмен қолдануға кеңес беремін. Себебі цикл ішінде тізімнің басқа элементін алуға ыңғайлы болады.

Ал алғашқы тәсілі ол тізімді фильтрлегенде және сөздікпен жұмыс жасағанда тиімді болып табылады.

Python программалау тілінде циклге байланысты кілт сөздер бар. Олар : break, continue.

Break - цикл ішінен шығуға мүмкіндік береді

Continue - белгілі бір жағдайда циклдың бір бөлігін аттап өтуге мүмкіндік береді

#егер сөзде ? кездессе қате деп циклдан шығады
for arip in 'lorem ipsum dolo?r:':
    if arip != '?':
        print('аттап өтемін')
        continue
    print('қате')
    break

#егер әріп ? қа тең болмаса соңғы екі жолы орныдалмай келесі бөлікке кетеді

Түсінбеген жерлер болса [email protected]

Егер жалғасы керек болса кем дегенде 20 дауыс болуы керек.

https://vk.com/id413863347

results matching ""

    No results matching ""